Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы Бірлескен мәлімдемесі – Son Star Gazetesi

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесі
🇰🇿 🇦🇪 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/Wlh4HFnBdv pic.twitter.com/y3PYjBhU3i

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 17, 2023

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесі

2023 жылғы

2023 жылғы

1. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен 2023 жылғы 16-18 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапар жасады.

2. Президенттер кездесу барысында саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырып, бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

3. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың тығыз диалог шеңберінде және өзара сенім мен сыйластық ауанында дамып, екі ел халықтарының мүдделеріне орай түрлі саладағы серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.

4. Тараптар екі ел арасындағы жемісті экономикалық серіктестіктің маңыздылығын растай отырып, ұлттық мүдделерге сәйкес екіжақты экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге ниет білдірді. Оның ішінде жаңартылатын энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы, тау-кен, көлік-логистика, құрылыс-девелопмент және халықаралық қаржы орталықтары арасындағы ынтымақтастық сынды перспективалы бағыттарды талқылады.

Президенттер екі ел арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің ратификациялануын жоғары бағалап, оның екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

5. Тараптар мәдени алмасуларды тереңдету, сондай-ақ туризм, спорт, білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту халықтарды жақындастыруда, олардың арасындағы түсіністікті тереңдетуде, мәдениеттерді өзара байыту мен екіжақты қатынастарды дамытуда маңызды болып табылатынын атап өтіп, осы салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

6. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев және Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян халықаралық қауіпсіздік пен орнықты даму істеріндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін күшейтуге ерекше мән берді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің 2022-2023 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі тиімді рөлін жоғары бағалады.

7. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері өкілдерінің 2022 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жұмысына белсенді түрде қатысқанына алғыс білдірді. Тараптар Съездің барлық бастамаларын, сондай-ақ дін лидерлерінің дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық диалогқа жәрдемдесу жөніндегі күш-жігерін жалғастыруға келісті.

8. Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян достас Қазақстан Республикасына Дүниежүзілік сауда ұйымының 13-ші Министрлік конференциясын 2024 жылғы ақпан айында Әбу Даби қаласында өткізуді қолдағаны үшін алғысы мен ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, Биік Мәртебелі Президент Біріккен Араб Әмірліктерінің Шанхай ынтымақтастығы ұйымына диалог бойынша серіктес ретінде қосылуына Қазақстанның қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық бағытындағы іс-қимылдың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

9. Президенттер Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға және оның әлеуетін бірлесіп дамытуға өз ниеттері мен қолдауларын білдірді.

Тараптар халықаралық және өңірлік деңгейде екі ел көтерген халықаралық бастамалар бейбітшілікті, орнықты дамуды және жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтуға қызмет ететінін атап өтті.

10. Тараптар екі елдің өңірлік және халықаралық ауқымда сенім мен өзара түсіністік ахуалын орнатуға және қолдауға деген ұмтылысын, сондай-ақ халықаралық мәселелерді тек дипломатиялық құралдар арқылы бейбіт жолмен шешу қажеттігін атап өтті.

11. Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан Республикасының Халықаралық биологиялық қауіпсіздік ұйымын құру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

12. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Биік Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға жылы шыраймен қабылдағаны және жоғары деңгейдегі қонақжайлылығы үшін шынайы алғысын білдіріп, оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Шақыру қабылданды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-prezidentikasym-prezidentisheyh-muhammed-ben-zaid-al-nahayannyn-birlesken-malimdemesi-1704145

🇰🇿 🇦🇪 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/Wlh4HFnBdv pic.twitter.com/y3PYjBhU3i

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@aqorda_press) January 17, 2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті https://t.co/spzdmaXrJJ

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) November 26, 2022

Жаңалықтар

Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты

ұлықтау рәсімі өтті

2022 жылғы

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті

Мемлекеттік Ту мен Президент Байрағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы Тәуелсіздік сарайының Үлкен залына әкелінген соң Қазақстан Республикасының Президенті келіп, мінберге көтерілді.

Конституцияның 42-бабына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ант берді:

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!»

Сайланған Қазақстан Президентінің қызметке кірісу құрметіне орай Мемлекеттік әнұран ойналып, 21 рет зеңбіректерден оқ атылды. Ал «Ақорда» резиденциясының үстінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.

Мемлекет басшысы салтанатты ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде өзіне зор сенім артқан барша отандасына алғыс айтты.

– Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қабылдаймын. Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау – ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік. Алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білемін. Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент алдағы қызметінің бірқатар негізгі бағытын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, шынайы заң үстемдігін қамтамасыз етпей, әділетті әрі нарықтық экономиканы құру, жеке меншікті қорғау, бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес. Еліміз даму жолында, негізінен, өз күшіне сенеді. Сонымен қатар шетелден тікелей инвестиция тарта отырып, түрлі саладағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өз ұлттық мүддесін қорғауға бағытталған теңгерімді және конструктивті сыртқы саясатын жүзеге асыра беретінін жеткізді. Саяси жаңғыру үдерісі жоспарлы түрде жалғасады.

Ұлықтау рәсіміне Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, Үкімет мүшелері, Жоғарғы сот судьялары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, орталық мемлекеттік басқару органдарының басшылары, Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, діни конфессия өкілдері, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, президенттікке үміткер болғандар, саяси партиялардың басшылығы, Республикалық және аймақтық қоғамдық штабтардың мүшелері, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, іскер топтар өкілдері, көрнекті ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-kasym-zhomart-tokaevty-saltanatty-ulyktau-rasimi-otti-26104732

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті https://t.co/spzdmaXrJJ

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) November 26, 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/wkenBRbxsh pic.twitter.com/CqjcBV00Gs

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Жаңалықтар

Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесі

2022 жылғы

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында 2022 жылғы 27 қазанда Астана қаласында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің кездесуі өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Шарль Мишель ашық, достық және сындарлы ахуалда өткен келіссөздер барысында соңғы 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен серпінді дамуын растады. Олар Қазақстан мен ЕО арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, тереңдету және кеңейту туралы уағдаласты.

Тараптар өздерінің БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқыққа және егемендіктің, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықтың қағидаттарына берік бейілдігін растады. Президенттер бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың, сондай-ақ дауларды дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын баса айтты.

Қос көшбасшы Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК), ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі стратегиясын, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия үшін өзара байланыс және басқа да секторлары жөніндегі жаңа бастамаларын одан әрі және толық іске асыру туралы уағдаласты.

Қос президент соңғы 30 жыл ішіндегі саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары серпінін құптады. Олар Еуропалық Одақ Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылатынын қанағаттанушылықпен атап өтті. Осыған орай, президенттер «жасыл» экономика, энергияның тиімділігі, цифрландыру және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара байланыс салаларында қолда бар әлеуетті пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетті.

Кездесуде сыни шикізат материалдары (СШМ), әсіресе жерде сирек кездесетін металдар саласындағы ынтымақтастық мәселелері де қозғалды. Тараптар СШМ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға дайын екендіктерін растады және Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында шикізат, аккумуляторлар және жасыл сутегі құнының тұрақты тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қоюды құптады. Осы тұрғыда, олар іскерлік ахуалды үнемі жақсартудың және Қазақстанға ЕО инвестицияларын одан әрі тартуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Еуропалық Одақ санкцияларының Қазақстан экономикасына абайсыз теріс әсерін болдырмау мәселесіне ерекше назар аударылды. Президент Ш. Мишель ЕО санкциялары үшінші елдерге қарсы бағытталмағанын растады және халықаралық санкциялардан жалтаруға және оларды айналып өтуге жол бермеудің маңыздылығын атап көрсетті. Тараптар да санкцияларға жатпайтын тауарларды өндіретін еуропалық компанияларды Қазақстанға көшіру мәселесін талқылады.

Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Президент Қ. Тоқаев пен Президент Ш. Мишель өндіріс пен жеткізудің жаһандық тізбектерін қамтамасыз ету үшін Еуропа мен Орталық Азия арасындағы қолданыстағы халықаралық көлік дәліздерін кеңейтудің және жаңа дәліздерді дамытудың маңыздылығын баса айтты. Олар сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін, оны одан әрі дамыту нұсқалары мен өңірдегі басқа көлік бағдарларының рөлін талқылады.

Екі президент климаттың өзгеруі Қазақстан мен ЕО өздерінің экономикалық қызметін бейімдеуге тиіс аса өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын атап өтті. Жаһандық жылыну проблемасы әлемдік қауымдастықтың кезек күттірмейтін және тиімді әрекеттерін талап етеді. Қос тарап та өз экономикаларын төмен көміртекті дамуға бейімдеу үшін сараптамалық, технологиялық және техникалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап көрсетті. Олар сондай-ақ су ресурстарын басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастықты одан әрі қолдау қажеттігін баса айтты.

Екі көшбасшы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы адам құқықтары мен құқық үстемдігі саласындағы сындарлы диалогты құптады. Қазақстан осы салалардағы өзінің бейілдігін растады. Еуропалық Кеңестің Президенті «Әділетті Қазақстанның» саяси жаңғыруы мен көзқарасын ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның маңызды реформалары бағдарламасын, сондай-ақ қаңтар оқиғаларына толық және транспарентті тергеп-тексеру жүргізуге бейілдігін құптады.

Президент Қ. Тоқаев пен Президент Ш. Мишель өңірлік және халықаралық күн тәртібі, оның ішінде Ауғанстан мәселелері жөнінде пікір алмасты. Тараптар өңірдің өркендеуінің, орнықтылығының және одан әрі тұрақты дамуының кілті болып табылатын Орталық Азиядағы өңірлік диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-ktokaevtyn-zhane-europalyk-kenestin-prezidenti-sh-misheldin-baspasozge-arnalgan-birlesken-malimdemesi-2791058

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/wkenBRbxsh pic.twitter.com/CqjcBV00Gs

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы Бірлескен мәлімдемесі
Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы Бірлескен мәлімдемесі

2022 жылғы

Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 10-11 мамыр күндері Түркияға мемлекеттік сапары жүзеге асырылды.

Президенттер (бұдан әрі – Тараптар) бұл сапардың Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Тараптар осы мәлімдемені қабылдау арқылы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады.

Тараптар сапардың екі ел арасында саяси, әскери, қорғаныс, қауіпсіздік, экономика, сауда, инвестиция, өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі, туризм, энергетика, экология, көлік және транзиттік тасымал, авиация, отбасы және әлеуметтік қызметтер, еңбек және жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, апаттар мен төтенше жағдайлар, мәдениет, білім, ғылым және технологиялар, инновациялар, баспасөз және коммуникациялар, денсаулық сақтау, жастар және спорт, архив салаларындағы ортақ мүдделерге негізделген ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды белес болғанын атап өтті.

Осы ретте Тараптар 2022 жылғы 3-4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан -Түркия Үкіметаралық экономикалық комиссиясы (ҮЭК) 12-ші отырысының және 2022 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобы 7-ші отырысының нәтижелерін жоғары бағалап, ҮЭК отырысында 68 баптан тұратын іс-қимыл жоспарының қабылданғанына ризашылығын білдірді.

Тараптар аталған тетіктердің өңірлік және халықаралық оқиғаларға қоса, екі ел арасындағы қарым-қатынастар тұрғысынан ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен жобаларын дамыту үшін пайдалы негіз болып табылатынын және барлық салалардағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастыққа жоғары деңгейде серпін мен бағыт-бағдар беретінін атап өтіп, оларды жүйелі түрде ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Өзара достық пен түсіністік жағдайында өткен кездесулер барысында Тараптар Қазақстан – Түркия байланыстарының қазіргі жағдайын және қарым-қатынастарды барлық салаларда одан әрі дамыту және тереңдету мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырып, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тараптар Түркия 2019 жылы жариялаған «Жаңадан Азия» бастамасының екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарына өзара тиімділік негізінде одан сайын серпін беруін күтетіндерін білдірді.

Түрік тарапы бауырлас Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі, аумақтық тұтастығы, саяси тұрақтылығы мен әл-ауқатына деген өзінің берік қолдауы мен өзара жәрдемдесуін тағы да атап өтті.

Қазақстан тарапы бұл тұрғыда Түркияның және Түркия ісбасындағы төрағалығын жүзеге асырып отырған Түркі мемлекеттері ұйымының көрсеткен қолдауына ризашылығын білдірді.

Түрік тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға деген берік қолдауын растады.

Осы ретте Тараптар 2022 жылғы 2 наурызда Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аталып өткенін еске сала отырып, екі бауырлас елдің ортақ тарих, тіл және мәдениетке негізделген қарым-қатынастары мен ынтымақтастығын тиімді түрде дамыта беруге әрі өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосатындай ынтымақтастықты тереңдетуге деген ниеттерін қуаттады. Қазақстан-Түркия арасындағы саяси диалогты түрлі деңгейдегі өзара сапарлар мен кездесулер арқылы жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар 1994 жылғы 17 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы келісімнің, 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімнің, Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемелер және басқа да екіжақты шарттар мен келісімдердегі ережелерді басшылыққа ала отырып, төмендегілерді мәлімдейді:

Екі ел арасындағы тамыры ортақ тарихқа, тіл мен мәдениетке негізделген достық пен бауырластық байланыстарына, тығыз саяси диалог пен көп қырлы ынтымақтастыққа қатысты қанағаттанушылықтарын білдірді.

Сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, экономика, сауда, инвестиция, өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі, ғылым және технология, көлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және киберқауіпсіздік, энергетика, қоршаған орта және урбанизация, денсаулық сақтау, отбасы және әлеуметтік қызметтер, азық-түлік, ауыл шаруашылығы, апаттар мен төтенше жағдайлар, білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар, мәдениет, туризм, спорт, архив салаларындағы ынтымақтастық пен үйлестіруді тереңдету және осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастық тетіктерін ұлғайту арқылы оларды барынша пайдалануға келісті.​

Екі ел арасындағы келісімшарттық негізді нығайту мақсатында сапар барысында қол қойылған келісімдерге қатысты қанағаттанушылықтарын білдірді.

Экономика және сауда қатынастарын дамыту мақсатында құрылған ынтымақтастық тетіктерінің жүйелі жұмысын жалғастырудың және 2022 жылғы 3-4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан-Түркия ҮЭК 12-ші отырысында қабылданған шешімдерді мұқият орындаудың маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта ҮЭК іс-қимыл жоспарының орындалуын жүйелі түрде қарастыру мақсатында екі ел құзыретті министрліктері мен мекемелерінің қатысуымен тұрақты кездесулер өткізуге келісті.

Екіжақты сауда көлемінің тұрақты түрде артуын қанағаттанушылықпен атап өтіп, алдағы жылдарда сауда көлемін 10 млрд. долл. жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Екі ел арасындағы сауданы ынталандыру және өзара тікелей инвестицияларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктері, Түркия Республикасының Сауда, Индустрия және технология министрліктері мен Президенттік инвестиция кеңсесінің үйлестіруімен қажетті шараларды қабылдауға келісті.

Екіжақты экономикалық және сауда ынтымақтастығын тереңдету әрі әртараптандыру үшін шарттық негізді одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Жеке сектор байланыстарының маңыздылығына назар аударып, Қазақстан-Түркия ҮЭК 12-ші отырысы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында қазақ-түрік іскерлік форумының өткізілгенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, бұл форматтағы жиындарды жыл сайын тұрақты ұйымдастыруға келісті.

Қазақстандық халықаралық даму агенттігі (KazAID) және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТIКА) арасында қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумы шеңберінде екі құрылым арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Өңірлік энергетика қауіпсіздігін дамыту мақсатында Қазақстанда, Түркияда және үшінші елдердегі жеке сектор саласындағы мүмкіндіктерді зерттеуге келісіп, баламалы энергия көздері, гибридті технологиялар, энергия жинақтау саласында бірлескен іс-шаралар мен консультациялар өткізуге ниетін білдірді.

Энергетика және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, өзара тиімділік негізінде осы салалардағы екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты ілгерілетуге келісті.

Трансшекаралық орталықтарды дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы екіжақты меморандум шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру бойынша Жол картасын дайындауды және бекітуді қолдады.

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда «TURANSEZ» Арнайы экономикалық аймағын дамытуға мүдделіктерін растады.

Екі елдегі ғылыми-зерттеу бастамаларын қолдау, мемлекеттік қызмет саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, екі елдің ғылыми қызметкерлері үшін қысқа және ұзақ мерзімді тағылымдамалар ұйымдастыру және сарапшылардың өзара қатысуымен ғылым мен технологияда ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесулер, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды ортақ мақсат ретінде қабылдады.

Әлеуметтік-еңбек және отбасы саясаты салаларындағы ақпарат және тәжірибе алмасудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Өңірлік көлік, коммуникация және инфрақұрылымды дамытуда ынтымақтастық жүргізуді, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, логистикалық орталықтарды, әуежайларды жобалау, салу және пайдалану бойынша тәжірибе алмасуды және осы жобаларда халықаралық қаржы институттарынан қаржылық көмек алуда ынтымақтастық жүргізуді орынды деп тапты.

2022 жылғы 9 мамырда Анкара қаласында өткен Қазақстан-Түркия арасындағы бірлескен көлік комиссиясының отырысында қабылданған шешімдерге сәйкес, Қазақстан және Түркия арасында екіжақты және транзит тасымалдауын дамыту мақсатында ынтымақтасты жүзеге асыруға келісті.

Баку-Тбилиси-Карс теміржолы мен Шығыс-Батыс Орта дәліз арқылы жүк тасымалының ұлғаюын құптай отырып, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды уағдаласқандарын мәлімдеді. Орта дәліз арқылы Транскаспий бағытындағы вагондар мен контейнерлердің тасымалдау бойынша бекітілген мөлшерлемелерді ескере отырып, олардың Баку-Тбилиси-Карс жаңа желісі арқылы тасымалдаудың маңызына назар аударды. Сонымен қатар Орта дәлізді тиімді және тұрақты пайдалану үшін тиісті мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Экономика және сауда қатынастарын одан әрі дамытуда құрылыс секторы мен мердігерлік қызметтердің маңыздылығын көрсете отырып, осы саладағы ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті қадамдарды жасауға шешім қабылдады.

Мәдениет және туризм саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мақсатында тиімді ынтымақтастық тетіктерін пайдалана отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация сертификаттарын қоса алғанда, қауіпсіз саяхатты жеңілдету бойынша шаралар қабылдаудың және тәжірибе алмасуды жандандырудың маңыздылығын атап өтті;

Екі ел арасындағы тұрақты жолаушы рейстер санын арттырудың маңыздылығын атап өтіп, азаматтық авиация мекемелері арасында келіссөздер жүргізу туралы шешімді құптады.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, цифрландыру, оның ішінде стартаптарды қолдау саласында тәжірибе алмасуға және технологиялық парктердің ынтымақтастығын нығайтуға келісті.

Қоршаған орта және урбанизм саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, осы саладағы ынтымақтастықты, оның ішінде техникалық білім мен тәжірибе алмасуды ілгерілетуге келісті.

Азық-түлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы техникалық ынтымақтастықты дамыту және қолданыстағы тетіктерді тиімдірек пайдалану қажеттігін мәлімдеп, 2023 жылы Түркияда қазақстандық бизнес өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы саласында қазақ-түрік іскерлік форумын және қазақ-түрік ауыл шаруашылығы жұмыс тобының отырыстарын өткізу туралы шешім қабылдады.

Ауқымды орман өрттерімен күресуде жәрдемдесумен қоса орман шаруашылығы мәселелері бойынша ынтымақтастық бағыттарын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, 2021 жылғы Түркиядағы алапат орман өрті кезінде қазақ халқының көрсеткен көмегіне ризашылығын білдірді.

Өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Адам өмірі мен денсаулығын қажетті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету және адам денсаулығына зиянды өнімдер мен азық-түлік өнімдері және жануарлардан жұқпалы ауруларға жол бермеу мақсатында ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыстар орнату, өзара тәжірибе алмасу, оқытушылардың біліктілігін арттыру, ғылыми семинарлар, конференциялар мен шеберлік курстарын ұйымдастыру, сондай-ақ бірлескен білім беру саласындағы ынтымақтастық бағдарламаларын қолдауды қуаттады.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, мәдениет пен өнер саласында өзара іс-шараларды жүзеге асыру, екі ел кинонарықтарында Қазақстан мен Түркияда шығарылған және бірлесе түсірілген фильмдердің көрсетілімдерін ұйымдастыру маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат алмасуды, стратегиялық коммуникацияны, қоғамдық дипломатияны, мәдени байланыстарды нығайту, екіжақты инвестицияны ұлғайту, елдердің бренд құндылығын арттыру және институционалдық қарым-қатынасты жетілдіру мақсатында тиісті бағдарламалар негізінде БАҚ қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамыту туралы келісті.

Мемлекет пен қоғамның ашықтығы мен транспаренттілігі, тиімді мемлекеттік басқару бойынша тәжірибе мен ақпарат алмасу, БАҚ өкілдері мен мемлекеттік мекемелердің баспасөз өкілдері үшін бірлескен оқу бағдарламаларын өткізу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гибридті қауіп-қатерлерге жататын дезинформацияға қарсы күрес бойынша пікір және ақпарат алмасу туралы келісті.

Aқпарат саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуда және бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді және БАҚ қызметін нығайтуға қолдау көрсету бойынша Қазақстан мен Түркияның құзырлы органдары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, өзара бағдарламаларды жүзеге асыруға келісті.

Екі ел арасындағы гуманитарлық және мәдени қарым-қатынастарды тереңдету мақсатында ұлттық архив мекемелері арасындағы қалыптасқан ынтымақтастықты құптап, оны одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Мәдени орталықтар туралы келісімге қатысты процесті мүмкіндігінше тезірек аяқтау туралы шешім қабылдады.

Екі елдің жастар саясаты саласындағы ынтымақтастығына қанағаттанатындықтарын атап өтіп, осы саладағы достық әріптестік қарым-қатынастарды келісімшарттар негізінде одан әрі дамытуды құптады.

Денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық келісімін жаңарту, медициналық білім мен тәжірибе алмасуды күшейту және эпидемиялық аурулармен күресті қоса алғанда, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т.б. табиғи апаттарға қарсы бірлесіп әрекет ету бойынша шешімдерін атап өтті.

Екі елдің қарулы күштері мен құқық қорғау органдары арасында өзара сапарлар жасау, тәжірибе алмасу, оқыту, үйлестіру және бірлескен оқу-жаттығулар сияқты іс-қимылдарды көбейту туралы шешім қабылдады.

Терроризм мен экстремизмнің барлық түрлеріне қарсы табанды күресуге, екі елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін барлық құрылымдарға қарсы күресті күшейтуге, қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы диалог тетіктері арқылы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.

Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және осы мақсатта бірлескен өндірісті қоса алғанда, әртүрлі ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыру және жүзеге асыруға келісті.

Экономикалық, сауда және мәдени қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және гуманитарлық байланыстарды жеңілдету мақсатында консулдық мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігіне назар аударды.

Өздерінің іргелі мүдделерін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, сыртқы күштердің ішкі саясатқа араласуына жол бермеуге өзара қолдау көрсететіндіктерін қуаттады.

Жаһандық және өңірлік тұрақтылық, бейбітшілік пен өркендеу мақсатына сәйкес бірлесіп әрекет ету, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа халықаралық ұйымдарда және көпжақты платформаларда үйлестіруді қамтамасыз ету, Түркі мемлекеттері ұйымының «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжатын жүзеге асыру үшін үйлесімді жұмыс істеу, барлық мүмкін болған жағдайларда тараптардың халықаралық ұйымдарда ұсынылған шешімдері мен бастамаларын және кандидатураларын өзара қолдауға келісті.

Ислам ынтымақтастық ұйымының күн тәртібіндегі мәселелер және ИЫҰ-ға қарасты мекемелер, соның ішінде Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS), Түркияда орналасқан Ислам елдерінің статистика, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер мен білім беру орталығы (SESRIC), Ислам тарих, өнер мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA), Ислам ынтымақтастығы жастар форумы (ICYF), Ислам елдерінің стандарттар және метрология институты (SMIIC) және ИЫҰ Экономикалық және сауда ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитеті (COMCEC) аясында ынтымақтастықты дамытуға және тұрақты консультациялар өткізуге келісті.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін толыққанды ұйымға айналдыру жөніндегі Қазақстан төрағалығының бастамасын біртіндеп жүргізуге, сондай-ақ оның әлеуетін бірлесіп дамытуға ниетті екендерін білдірді.

Өзара маңызды жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасып, ұстанымдарының бір-біріне сәйкес келетінін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Орталық Азиядағы өзара түсіністік пен тату көршілік қарым-қатынастарды қолдап, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақты дамуға үлес қосу және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың екі тараптың мүддесіне сай келетінін атап өтті.

Ауғанстанда бейбітшілікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету үшін ауған халқының саяси және этникалық тұрғыдан барлық алуан түрлілігін қамтитын инклюзивті басқару түсінігін орнықтырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл елдегі тұрақтылықты орнатуда халықаралық күш-жігерге үлес қосу мақсатында ауған халқына жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруға ортақ бейілділігін қуаттады.

Екі мемлекет арасында соңғы жылдары қол қойылған үкіметаралық келісімдердің күшіне енуі үшін қажетті ішкі келісу рәсімдерін ағымдағы жылы ішінде аяқтау, халықаралық келісімдердің күшіне енуі және іске асырылуы тұрғысындағы уағдаластықтарын растады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға және барша түрік халқына қазақстандық делегацияға көрсетілген қонақжайлылығы мен ыстық ықыласы үшін алғысын білдірді және Түркия Республикасының Президентін 2022 жылғы 12-13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланған АӨСШК Саммитіне шақырды.

АӨСШК Саммиті аясында Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысын Нұр-Сұлтан қаласында өткізуге келісті.

Тараптар осы Бірлескен мәлімдемеге 2022 жылғы 10 мамырда Анкара қаласында қазақ және түрік тілдерінде қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Реджеп Тайип Ердоған

Қазақстан Республикасының Президенті Түркия Республикасының Президенті

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-kasym-zhomart-tokaev-pen-turkiya-respublikasynyn-prezidenti-redzhep-tayip-erdogannyn-keneytilgen-strategiyalyk-seriktestik-turaly-birlesken-malimdemesi-10451

???????????????? Joint Statement of President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev and President of The Republic of Tűrkiye Recep Tayyip Erdoğan On Enhanced Strategic Partnership https://t.co/XiV7hcfQ9f

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) May 10, 2022

???????????????? Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы Бірлескен мәлімдемесі https://t.co/6IuCMBqG5L

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) May 10, 2022